22.12.2023, 10:00
Оқылды: 31

Республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталды

22-23 желтоқсан күндері ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өткізіледі.

msg-1001309508988-8368

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, екінші кезеңге олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен 25 844 оқушы қатысады.

Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Екінші кезең дәстүрлі форматта бір турдан тұрады және аудан орталықтарында өтеді. Өңірлерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ауа-райы жағдайы қатаң қадағаланады.

Атап өтейік, екінші кезең жеңімпаздары үшінші кезеңге қатысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале