Қазақстанның – бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары ақы төленетін әлемдегі 10 спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Елена Рыбакинаның instagram парақшасынан
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Forbes ақпаратына сүйенсек, әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек рейтингіде көш бастады.
ТОП-ондыққа енгендер:
- Ига Швентек (Польша, теннис) – 23,9 млн доллар (кортта 9,9 млн табыс тапқан + корттан тыс 14 млн);
- Гу Айлин (Қытай, фристайл) – 22,1 млн (0,1 млн + 22 млн);
- Кори Гауфф (АҚШ, теннис) – 21,7 млн (6,7 млн + 15 млн);
- Эмма Радукану (Ұлыбритания, теннис) – 15,2 млн (0,2 млн + 15 млн);
- Наоми Осака (Жапония, теннис) – 15 млн (маусым бойы ойнаған жоқ, тек корттан тыс табыстар);
- Арина Соболенко (Беларусь, теннис) – 14,7 млн (8,2 млн + 6,5 млн);
- Джессика Пегула (АҚШ, теннис) – 12,5 млн (6 млн + 6,5 млн);
- Винус Уильямс (АҚШ, теннис) – 12,2 млн (0,2 млн + 12 млн);
- Елена Рыбакина (Қазақстан, теннис) – 9,5 млн (5,5 млн + 4 млн);
- Лейла Фернандес (Канада, теннис) – 8,8 млн (1,8 млн + 7 млн).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Түркиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.