22.12.2023, 12:00
Оқылды: 23

«Қазақ хандығы» қалай пайда болды?

Жәнібек Барақұлы қазақ хандығы мен қазақ хандарының негізін қалаушының бірі. Орыс ханның шөбересі Жәнібек хан шамамен ХVғасырда өмір сүрген.

1ec54cf7-2070-4ee4-a9c8-70b71888aaca

Фото: kazakhfilmstudios.kz

1456 жылы Дешті-Қыпшаққа Әбілхайыр билік еткен тұста көшпенді халықтың бір бөлігін Керей екеуі Моғолстанның Шу мен Қозы басы өзендері аралығына алып кетеді.

Әбілхайыр өлген соң оның мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсіп, ақырында оны жеңіп Дешті-Қыпшақ билігі Жәнібек пен Керейдің қолына өтеді.

Осылайша бір кездері Моғолстанға қоныс аударғандар «қазақтар» деп атала бастайды. Бұл атау кейін хандыққа тарайды да содан «Қазақ хандығы» атауы пайда болады.

Сондықтан Жәнібек пен Керейді қазақ руларын біріктіруші және Қазақ хандығын құрушылар ретінде көреміз.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале