24.12.2023, 22:00
Оқылды: 51

Орал қаласында ғажайып бал өтті

Жаңа жыл мерекесіне орай Орал қаласында өнерпаз бүлдіршіндер үшін ғажайыпқа толы кеш ұйымдастырылды. Оған Бәйтерек ауданының да биші қыздары қатысты. 

IMG-20231224-WA0053

Дариян, Байқоныс, Мичурин ауылдық округіндер тұратын жас өнерпаздар биыл Орал, Алматы, Ақтөбе, Астана және РФ Казань, Өзбекстанның Ташкент қалаларында өткен түрлі би байқауларына қатысқан еді. Мәселен, Дариян ауылындағы Абай мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Дарина Азаматова Алматыдағы «Өнер әлемі» би байқауына орта топ бишілерімен қатысып, үздік деп танылса, Ташкенттегі халықаралық байқауға кіші топ барған аталмыш білім ұясының шәкірті Айару Берік бірінші орынға ие болды.

Жалпы «Ғажайып балға» 500 бала, сондай-ақ ата-аналар қатысты. Аяз Ата мен Ақшақар үздік өнерпаздарға сыйлықтар ұсынды. Іс-шара барысында бал патшасы мен ханшайымы анықталды.

Кештің «фишкасы» көпшілікке Kalifarniya атымен танылған Фархат Калиев пен Қабдол Тілековтің келуі болды.

Қорыта, бұл бал жиналғандарға жаңажылдық көңіл күй мен әдемі әсер сыйлады.

Динара Сахинжанқызы,

Бәйтерек ауданы

Дариян ауылдық кітапханасының кітапханашысы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале