25.12.2023, 12:15
Оқылды: 27

«Көшпелі өзбек мемлекеті» қалай құлатылды?

Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы Керей шамамен ХV ғасырда өмір сүрген.

жп дала

Ол туралы «Тарихи Рашиди» деректерінде: «Өзбек хандығы тұсында Керей мен Жәнібек тайпалардың бір бөлігін басқарып Шу мен Қозы басы өзендері аралығына келіп қоныстанады», - деп жазады.

Сол тұста Моғолстан ханы Есенбұға оларға қарсылық жасамай қайта келгендеріне қуанып, өзіне жақтас көреді. Бұл Әбілхайырдың Моғолстан ханы Есенбұғаға соғыс ашуына түрткі болады.

Алайда кенеттен Әбілхайыр қайтыс болып жоспары орындалмай қалады. Осы кезде Өзбек хандығында тақ үшін күрес басталады. Ол күреске Жәнібек пен Керей араласып хандық билікті қолдарына алады.

Осылайша Шайбани тұқымдары билеген «Көшпелі өзбек мемлекеті» құлатылып, оның орнын Қазақ хандығы басады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале