Оралда өткен іс-шараға өңір басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Облыс әкімі өз сөзінде ассамблеяның ел бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталып өтті.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы 32-ші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандық бірегейлік негізінде халық бірлігі мен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып, келісім арқылы ел бірлігін нығайту жолында біраз жұмыс атқарғаны мәлім, - деді Нариман Төреғалиев.
Аталған шара барысында ассамблея өкілдері 2023 жылғы атқарған жұмыс туралы баяндады.
Бұдан бөлек, жиналғандар үшін жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі