Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның 100 үздік кәсіпкері» республикалық байқауы өткен болатын.
Осы байқауда Тәуелсіздік жылдары еліміздің, Жаңақала ауданының экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, оты мен суы бөлек герефорд тұқымды ірі қараны Нарын құмына жерсіндіріп, қажырлы еңбек жолында жүрген Көпжасар ауылдық округіне қарасты «Мұса» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеген Теміржанұлы жеңімпаз атанды.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы» төсбелгісімен, «Қазақстанның жыл адамы» орденімен және I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Зара Жардемова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz