25.12.2023, 22:44
Оқылды: 21

Жаңақалалық кәсіпкер үздіктер қатарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына ​Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында​ «Bilim-orkenieti»​ орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның 100 үздік кәсіпкері»​ республикалық​ байқауы​ өткен​ болатын.​ 

IMG-20231225-WA0093

Осы​ байқауда​ Тәуелсіздік жылдары еліміздің, Жаңақала ауданының  экономикалық дамуына елеулі үлес қосып,​ оты мен суы бөлек герефорд тұқымды ірі қараны Нарын құмына жерсіндіріп,​ қажырлы еңбек жолында жүрген Көпжасар ауылдық округіне қарасты «Мұса» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеген Теміржанұлы жеңімпаз атанды.

InShot_20231225_223039754

Байқаудың қорытындысы бойынша​ «Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы»​ төсбелгісімен,​ «Қазақстанның жыл адамы»​ орденімен​ және​ I​ дәрежелі дипломмен​ марапатталды.​

Зара Жардемова, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале