Жылды қорытындылай келе Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы энергетика саласының мамандарымен кездесіп, алғысын айтты.
- Сіздердің елге жасап жатқан қызметтеріңіз ұшан-теңіз. Бастарыңызды бәйгеге тігіп, ауданның жарығын қамтасыз етудегі қалтқысыз қызметтеріңізге халық атынан алғыс білдіреміз, - деді аудан басшысы.
Аудан әкімінің алғыс хатына Дархан Карбышев, Ақылбек Құрматов, Сәуірбек Молдашев, Болат Раймов, Мейрамғали Рахметқалиев, Айтқали Оразов секілді азаматтар лайық деп танылды.
- Әріптестеріміздің алғысқа бөленгені, еңбектің еленгені деп білеміз. Ұжым атынан алғысымыз шексіз, - деп ризашылығын білдірді аудандық электр торабының бастысы Мақат Шамаров.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz