Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің instagram парақшасында жазылды.
2024 жылғы 1 қаңтарда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тариф енгізіледі.
— Орал қаласының әкімдігі жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілеуге қаулы етті:
— жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу – 100 теңге;
— жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу – 200 теңге.
Осы қаулы жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін, яғни алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген хабарламады.