Атыраулық полицейлер туыстары өлді деп хабарлаған әжеге екінші өмір сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Атырау тұрғыны 31 желтоқсанда "анам құлап қайтыс болды" деп полиция қызметкерлерін шақырған. Жуынатын бөлмеде құлап жатқан әйелдің неден қайтқанын тексеруге келген полицияның Жедел-тергеу тобының криминалистері 1947 жылы туған әйелдің тіршілік белгілерін яғни, ақырын тамыр соғысының барын анықтап дереу жедел-жәрдем шақыртқан.
Осылайша, 76 жастағы әже ауруханаға жатқызылды. Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.