Бүгін Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ретінде қызмет атқарған Жүсіп Шакуовты және аумақтық аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін қабылдады.
Сонымен қатар аудан басшысы аудандық сайлау комиссиясының жаңа құрамын таныстырды.
—Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» №12-17 шешіміне сәйкес сайлау комиссияларының жаңа құрамы қалыптастырылып бекітілді.
Аудан бойынша аумақтық сайлау комиссиясының құрамында 7 мүше болса, соның 5-і жаңадан сайланды немесе 71,4 пайызды құрайды. Аумақтың аудандық сайлау комиссиясының 7 мүшесі де жоғарғы білімді азаматтар. Аудандағы 48 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына 268 мүше сайланып, 144 мүшесі немесе 54 пайызға жаңартылды,- деді аудан әкімі.
Қабылдауда сөз алған маслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев:
- Жүсіп Ғабділханұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Бүгінде өз ортасында сыйлы да құрметті, халықтың ықыласына бөленген жан. Өзіңіз жоғары буынға тән ардақ тұтар қалыпыңызбен жастарға үлгі болып келесіз. Сайлау комиссиясының жаңа құрамның жұмысына сәттілік тілеймін,- деді.
Аудан әкімі Жүсіп Ғабдылханұлына алғысхат табыстаса, ол өз кезегінде сөз алып, алдағы уақытта басшылықта жүрген азаматтарға ризашылығын жеткізіп, лебізін білдірді.
Жиын барысында Асланбек Ахметоллаұлы аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы Жанболат Темірғалиевті таныстырып, сайлау комиссиясы төрағасының алдағы қызметтегі бастамаларына сәттілік тіледі.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы