Алматы тұрғыны Гүлжанар Қожабергенова әйелдің ауыр жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, 9 баласы бар анаға ешкім пәтер жалға бергісі келмейді. Ал әйел далаға шығудан қалған. Блогерлер қаржы жинап, көмір мен тағам әкелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Дау-дамайсыз" бағдарламасында айтылды.
"Жоқшылықтан шаршадым. Менің бәленбай бауырым бар ғой. Неге мен жалғыз қалдым? Жоқ емес, бар ғой оларда. Тойға барған емеспін. Балаларымды жуындыра алмаймын", - дейді әйел.
Гүлсанат Таутбай 39 жаста. Ол - 9 баланың анасы. Кейіпкер күйеуімен ажырасқан. Ол Гүлсанаттан 17 жас үлкен. Мектепті тәмамдағанда алып қашқан. Қазір күйеуінің көзі көрмейді. Алатын жәрдемақы - 167 мың теңге. Гүлсанаттың айтуынша, бұл ештеңеге жетпейді. Кейіпкердің екі қызы тұрмысқа шыққан. Екінші қызы Балауса 17 жаста. Алайда оның кімге күйеуге шығып, қайда кеткені белгісіз. Ал 15 жастағы ұлы арнайы мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатыр.