16.01.2024, 16:45
Оқылды: 58

Қазақ әндерін корей тілінде шырқайтын Сон Вон Саб – Ақтөбе облысының Оңтүстік Кореядағы амбассадоры атанды

Қазақ әндерін корей тілінде шырқайтын Сон Вон Саб – Ақтөбе облысының Оңтүстік Кореядағы амбассадоры атанды.

InShot_20240116_163341257

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20240116_163404

«Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы «Ақтөбе облысының туристік амбассадорлары» жобасын таныстырды. Облысымыздың алғашқы елшілерінің бірі – белгілі оңтүстіккорейлік музыкант, әнші, қазақ және корей тілдерінде ән орындаушы Song Won Sub.

IMG_20240116_163421

Сон Вон Саб амбассадор ретінде Оңтүстік Корея тұрғындарын Ақтөбе облысының көрікті жерлері туралы хабардар етеді.

«Мені қазақ мәдениеті қатты қызықтырады. Оны мен өз отандастарыма барынша көбірек таныстырғым келеді», - деді Сон Вон Саб Ақтөбеде өткен тұсаукесер барысында.

«Visit Aktobe» орталығының басшысы Ерсайын Сиюнов атап өткендей, амбассадорлармен жұмыс тәжірибесі бүкіл әлемде кең таралған.

Бұл қалалардың туристік әлеуетін ілгерілету үшін жасалады.

Жоба аясында Ақтөбе облысының танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, бизнесмендер, дәрігерлер, ғалымдар, спортшылар және Ақтөбе облысы мен шетелдердің басқа да қайраткерлері Ақтөбе облысының туристік амбассадорлары болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале