17.01.2024, 15:45
Оқылды: 66

БҚО: 12 жастағы қызды зорлаған бес жігіттің ісі сотқа кетті

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.

Полиция ЖП

2023 жылдың 12 маусымы күні түнде 12 жастағы қыз баланың анасы қызын таба алмай жатқаны жөнінде полицияға хабарлама түсіреді. Біз бұл туралы сюжет дайындаған болатынбыз.

Дереу іздеуге кіріскен тәртіп сақшылары қызды екінші күні табады. Жауап алу кезінде қыз баланын зорланғаны анықталған. Сол кезде күдікті делінген бес жігітті полиция ұстаған еді.
Маусым айында басталған тергеу тек аяқталып, іс сотқа жіберілген.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сотқа жолданды. Күдікті ретінде танылған бес тұлғаның төртеуі кәмелетке толмағандар. Сондай-ақ оларға ҚР ҚК сәйкес басқа да қылмыстар бойынша айып тағылады, - делінген БҚО полиция департаментінен келген хабарламада.

Айта кетейік, қызды зорлады деген күдікті азаматтарға ұрлау, тонау қылмысы бойынша да айып тағылып отыр.

БҚО Соты қылмыстық істің соттың қарауына түскенін растады.

- Тек 18-ге толмаған жасөспірмнің соты болғандықтан отырыс жабық өтеді, - деп мәлімдеді БҚО сотының баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале