17.01.2024, 18:00
Оқылды: 105

«Қаладан - ауылға» жобасы аясында жоспарлар құрылды

Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Амангелдіұлы мекеме басшыларымен, аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі және «Ақсақалдар кеңесінің» мүшелерімен кездесті. Жиында аудандағы, ауылдық округтердегі халық санын арттыру, көші-қонды реттеу, елді мекендердегі жұмыс тапшылығын жою мәселелері талқыланды.

1

«Қаладан - ауылға» жобасы аясында атқарылатын жұмыс туралы ой-пікірлер айтылды. Жиналғандар алдында аудандық экономика және қаржы бөлімінің  басшысы Айбек Исламбеков баяндама жасап, ауылдық округтердегі көші-қон динамикасы, тұрғын үйлер мен жұмыс орындары туралы айтып өтті. Сонымен қатар ауылдардағы шаруашылық мақсатындағы бос жерлер, инвестициялар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жобалар туралы баяндады. Ауылға қаладан, басқа облыстардан халықты тарту үшін, ауылдық жерлерден тұрғындардың көшуін болдырмау үшін қабылдануы керек шаралар бойынша жиынға қатысушылар өздерінің ұсыныстарын айтты. Сөз алған ауыл үлкендері Сағынғали Имашев, Самиғолла Хамиев, Жұмабай Байғалиев, Кітабия Абдуғазиева және басқалары осы ахуалды шешудің бірқатар жолын атап өтті. Мекеме басшылары да ойларымен бөлісіп, кез келген шараға ат салысып, осы бір тақырып төңірегінде жұмыстануға әзір екендігін жеткізді.

3

Жалпы аудандағы халық санын арттырып, көші-қон ахуалын реттеу үшін ауылдардағы шағын және орта бизнес субьектілерінің санын арттыру, жаңаша бағыттарда жұмыс жасайтын шаруашылықтарды қолға алып жаңа жұмыс орындарының ашылуына, көшіп келген жас отбасыларды ауылда орнығып қалуына ықпал ету, оқуда жүрген аудан жастарын елге келіп қызмет етуге шақыру сынды біршама тың идеялар мен алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыс жоспарлары ортаға тасталды.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале