ҚР Әлеуметтік кодексінің 120-бабы, 4-тармағына сәйкес, 2024 жылдың 1 тоқсанына облыс бойынша кедейлік шегі бекітілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» 2023 жылғы 19 мамырдағы №160 бұйрығына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кедейлік шегі жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде айқындалады.
2023 жылдың 4 тоқсанына облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орташа есеппен жан басына шаққанда 45 315 теңгені құрады. Соған байланысты 2024 жылдың 1 тоқсанына кедейлік шегі 31 721 теңге болып бекітілді.
Альмира Төлегенова,
Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының басшысы