18.01.2024, 17:15
Оқылды: 43

Номадтар сияқты бәрін біледі

Қазақ даласына ат ізін салып, өзінің құнды ойларын қалдырғандардың бірі немістің табиғат зерттеушісі және саяхатшысы Адольф Эдмунд Брем болатын.

жп дала

Ол Сібірге саяхат жасаған кезінде Семей қаласында болып қазақтардың тұрмыс-салтымен жақын танысып 1896 жылы «Бытовая и семейная жизнь киргзов» және «Степные кочевники-скотоводы» деген еңбегін жариялайды.

Саяхатшы аталған еңбектерінде қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін әңгімелеп, олардың қонақжайлылығын ерекше атап өтеді.

Ол өзінің жазбаларында қазақтар туралы құнды ойларын былайша қалдырады: «Киізді олар тамаша жасайды, жиектері кестеленіп немесе әшекейі үстіне тігіліп, көбіне қызыл өрнектермен әдемілейді» десе, қазақ әйелдері туралы: «Қырғыздың әйелдері мен қыздары киім, әшекейге қызығу жағынан біздің әйелдерден кем түспейді. Беттеріне опа-далап және қызартпа жағуды, сондай-ақ, түріктердің салты бойынша тырнақтарын қынамен бояуды біледі» деп жазды.

Ғалым қазақтар туралы: «Олар барлық номад сияқты аспанның басты жұлдыздары мен шоқ жұлдыздарын жақсы біледі... Аңыздар мен батырлар жырларына бай. Қырғыздарға, сонымен қатар, шешендік өнері де тән» деп бағалайды.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

(«Қазақтар», Энциклопедиялық анықтамалық, А, 2003 ж)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале