22.01.2024, 10:45
Оқылды: 43

«Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасының басшысына қатысты тергеу аяқталды

«Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Ақша JP

Қажры мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, агенттіктің Маңғыстау облысындағы департаменті аталған ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары және қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып таққан.

Қаржы пирамидасының басшысына қатысты күзет қойып ұстау шарасы қолданылған.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды. Жалпы соммасы - 1 миллард теңгеден асады.

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале