22.01.2024, 15:15
Оқылды: 26

Қаратөбе ауданында грепплинг клубы ашылды

Қаратөбе ауданындағы спорт клубының жанынан құрылған грепплинг клубтың ашылу салтанаты өтті. «QARATOBE ARLANY» атауымен ашылған грепплинг клубтың ашылуына аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, спортшы жастар, ауыл тұрғындары қатысты.

Грепплинг спорты (3)

Грепплинг – жекпе-жек өнеріндегі жақын жекпе-жек стилінің ағылшын тіліндегі анықтамасы. Ауырту және тұншықтыру әдістерін қолдануда ең аз шектеулер бар күрестің барлық түрінің тәсілін біріктіретін жекпе-жек спортының түрі.

Грепплинг спорты (2)

Грепплинг клубтың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, БҚО грепплинг күресі федерациясының төрағасы Алмаз Ихсанов жекпе-жек өнерінің жастарды шымырлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға, қайсарлыққа, төзімділікке, бір-бірін құрметтеуге үйрететіндігін атап өтіп, спорт саласының дамуына, аудан жастарының жетістігі көп болуына тілектес екендігін жеткізді.

Грепплинг спорты (1)

Одан соң грепплинг күресінен әлем чемпиондары Армат Қабдолов пен Азамат Меңғайыр грепплинг жекпе-жегінің әдіс-тәсілдері мен ережелерін жиналған жұртқа көрсетіп берді.

Грепплинг спорты (7)

БҚО грепплинг күресі федерациясының төрағасы Алмаз Ихсановтың айтуынша, ауырту немесе тұншықтыру әдісін қолдана отырып жекпе-жекті ертерек аяқтауға ұмтылу грепллингтің басқа күрес түрлерінен айырмашылығының айрықша белгісі.

Ол жапондық джиу-джитсу күресінің еуропалық модификациясы болып саналады. Еркін күрес, грек-рим, дзюдо және самбо күрестерінен құрылған спорт түрі.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале