22.01.2024, 16:45
Оқылды: 41

Герман Вамбери: «Қазақтарды әдет-ғұрыптары біріктіреді»

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына саяхат жасаған белгілі саяхатшы және Еуропада түркологияның дамуына үлес қосқан белгілі тарихшы Герман Вамбери алғашқылар қатарында қазақтарды Еуропаға таныстырған ғалымдар санатына жатады.

жп дала

Айталық, 1864 жылы Венгр академиясының қолдауымен Орта Азия мен Қазақстанды аралаған Г.Вамбери 1868 жылы «Очерки Средней Азии» атты еңбегін жариялайды.

Бұл еңбегі еуропалықтар тарапынан Ішкі Азияның зерттеу тарихында классикалық шығарма ретінде жоғары бағаланып, оған Шығыс тілдерінің профессоры деген атақ беріледі.

Аталған еңбекте қазақтар туралы: «Қырғыз немесе қайсақтардың арасында моңғол-қалмаққа өте ұқсас адамдар көп кездеспейді. Бірақ тілі мен өмір салты жағынан екеуінің арасында айырмашылықтар аз. Олар әр түрлі үрім-бұтаққа бөлінгенмен, оларды қатаң сақтаса да, өмір салты, мінез-құлықтары мен әдет-ғұрыптары оларды біртұтас етіп біріктіреді» деп жазды.

Ал қазақтардың шығармашылығы мен әдебиеті туралы: «Шығыс ежелден поэтикалық ел болғандықтан, қоғамда қияли жыр көптеп сақталған. Сондықтан қырғыздардың киіз үйінде тұратын адамдар Париж немесе Лондондағы көзі ашық қоғам мүшелерімен салыстырғанда поэзияға бейім болатыны таң қаларлық құбылыс емес. Оларда ертедегі батырлардың ерліктерін дәріптейтін жырлар мен әңгімелер көп айтылады» деп баға береді.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар», Энциклопедиялық анықтамалық, А, 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале