24.01.2024, 16:15
Оқылды: 38

Жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, декреттік төлем алу харам ба? Дін өкілі жауап берді

Соңғы кездері жүктілігін білген сәттен бастап декреттік төлемді көп алу үшін өзін жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, ай сайын ақша төлеп отырған әйел көбейді. Дінде бұл қаншалық дұрыс? Бұл сұраққа имам Нұрлан Байжігітұлы жауап берді.

426a4067-20b1-45c6-bd2f-d9274c44075c

Фото: elements.envato.com

Имамның айтуынша, өзін жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, декреттік төлем алу - адал емес. Имамның жауабы бар видео "Халал даму" стандарттау және сертификаттау мекемесінің Желідегі парақшасында жарияланды.

"Мемлекетті алдау халықты алдау болып есептелінеді. Өзгелер алдаса, алдай берсін. Басқалар адасса да, сен адаспа. Мұнда мемлекет деген президент емес, ол халық, сіз бен біз. Жалған жеке кәсіпкерлік арқылы декреттік төлем алу елді алдаумен тең болады. Алдап, арбап алған дүние сіздің абыройыңыз бен қажеттіліктеріңізді жаба алмайды. Мемлекет берген адал ақшаны алыңыз, оған таласым жоқ, ол өкіметтің сізге және балаңызға деп берген жәрдемі, бірақ оны алдап алғаннан береке таппайсыздар. Мемлекет менікі және сіздікі, сондықтан алдаудың керегі жоқ. Ал алдағандар өз істеріне әлі жауап береді", - дейді ол.

Massaget.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале