24.01.2024, 16:45
Оқылды: 69

Жарыстан жүлделі оралған спортшыларды қарсылап алды

14-21 қаңтар күндері Щучинск қаласында 2008-2009 және 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдерден құралған ұлдар командалары арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өткен болатын.

421611468_1800535293691564_8180292574759867806_n

Сол додада «ВQO-ARLANS» командасы ІІІ орынды иеленді. Команда сапында Шыңғырлау ауданының жас спортшылары, Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Дәулет Жұмағұлов, Айбар Джұмабаев, Ислам Оразбай бар.

Байрақты бәсекеде облыстың намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшыларымызды бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев күтіп алды. Аудан спортшыларымен қатар жеңімпаздардың жанкүйер қолдаушылары да жиналып, аудан мерейін көтерген жастарға құрмет көрсетті.

421190879_1800535240358236_9200816412340063179_n

- Тартысты жарыста облысымыздың атынан шығып, жеңіс тұғырынан көрінгендеріңіз ауданның мерейін бір көтеріп тастады. Сіздерге қолдау көрсеткен жанкүйерлеріңіздің сенімін, жақындарыңыздың үмітін, ақтадыңыздар. Біз сіздермен мақтанамыз! Қанаттарыңыз талмай, шыңдала түсіп, әрдайым тек жеңіске жетулеріңізге тілектеспін, - деп, құттықтау тілектерін жеткізді аудан басшысы.

421205547_1800535317024895_8241294056769293318_n

 Сондай-ақ осы жетістіктің басты себепкерлері, дүбірлі додада тамаша ойын көрсеткен спортшылардың жаттықтырушысы Аслан Жеңісов пен балаларды қадағалап, жарысқа апарған жетекшісі Досым Қуанаевты да құттықтады. Осындай айбынды ұландарды тәрбиелеп, жетістікке жетелеп жүргендері үшін алғыс білдіріп, шағын сый-сыяпаттарын табыстады.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале