25.01.2024, 23:00
Оқылды: 61

Әскердегі ойынқұмарлық пен оның берер зияны

Бүгінде сыртқы жаумен күресіп ел тыныштығын сақтап жүрген әскери құрылымдар арасында адам өмірін қыл үстіне қоя білетін жау бары анық. Қазіргі таңда әскери құрылымдар арасындағы бұл жаудың атауы – ойынқұмарлық.

IMG-20240125-WA0039

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі сараптамасы бойынша қазіргі таңдағы әскери саладағы басты ішкі жаулардың бірі – ойынға деген тәуелділік. Ал, ойынқұмарлық дегеніміз адам бойында қалыптасатын психологиялық ауытқулардың немесе аурулардың бірі десекте артық айтқанымыз емес.Себебі, қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымы да ойынқұмарлықты психологиялық аурулар қатарына енгізіп отыр.

Қазіргі таңда, халық арасында бұл ауруды лудомания, гемблинг, игромания деп те атайды. Бұл аурудың адам баласына берер зияны көп екені бәрімізге мәлім. Бүгінде бұл ауруды болдырмау үшін, көптеген жұмыстар мен іс-шаралар жүргізілуде. Солардың бірі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты барлық әскери бөлімдерде, профилактикалық әңгімелесулер, тақырыптық сабақтар өткізіліп, ойынқұмарлықтың алдын алуға көптеген жұмыстар жасалуда.

Ал енді біз ең алдымен ойынқұмарлықтың адамға берер зияны мен неліктен әскери қызметкерлер үшін бұл аурудың қауіпі көп екендігіне көз жүгіртейік. Жалпы ойынқұмарлық адам бойында қалай басталатыны бәрімізге мәлім. Көптеген адамдар өз бойларындағы стрессті шығару немесе кішкене көңіл көтеру үшін ойын автоматтарына баратыны рас. Сонымен қатар көптеген жастар, оңай жолмен ақша табу мақсатында бұл ауруға өздері аяқ басады. Бастапқы кезде, ақшаға көз тігіп, ұтыс тапқан ойыншылар, уақыт өте келе ойынның қызуына еніп, одан көз ала алмай қояды. Шындығына келгенде бастапқы кезде, әрине ешқандай зияны жоқ сияқты көрінетін бұл ойын автоматтары, уақыт өте келе адам тағдырын таразыға салып беруге дейін барады. Адамның жасы мен жынысына қарамай өзіне баурап алып жібермейтін бұл ауру түрі қазіргі таңда нашақорлықпен пара пар. Себебі бұл ауруға шалдыққан адам өзінің социальдық, материалдық, отбасылық құндылықтарын ұмыта бастайды. Сонымен қатар, адам баласы өз-өзін басқара алмай, өзінің жасаған әрекеттерінің нәтижесін түсінбейтін болады. Бүгінде бұл аурудың таралуының көптеген себептері бар. Солардың бірден бір себебі, қоғамдағы көптеген жарнамалар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтар, әлеуметтік желілердегі видеолар. Себебі көгілдір экрандар мен қалалардағы билбордтарда жүрген бұл жарнамалар адамды лудомания әлеміне тарта бастайды. Бір қызығы бұл ойынқұмарлықтың маскүнемдік пен нашақорлық секілді өз кезеңдері болады. Бастапқы кезде, алғашқы көзқарас үшін бұл ойындар ауыр емес көрінеді. Алайда адамдар ойынға тәуелді бола бастайды, ол адамда жаңа қызығушылықтар туындайды. Мысалы: ойын автоматтарынан бөлек, спорт ставкалары, интернет-казинолар тағы да басқа көптеген жаңа ойындар. Екінші кезеңде, адамдар ойынға қатты тәуелді болып қалады, мысалы ойын автоматтарына, казиноға ұзақ бармаған адамдар бойында тітіркенгіштік, ашуланшақтың әрекеттер пайда бола бастайды. Бұл кезеңге аяқ басқан адамдарға әлемдік денсаулық сақтау ұйымы ем шаралар алуды ұсынады. Ал, енді үшінші және қорытынды кезең туралы сөз қозғасақ. Адамның барлық назары тек ойынға жинақталады. Ал, нәтижені күту екінші кезекке шегеріледі. Дәл солай отбасы, сүйікті іс, достар, жұмыста артта қалады. Бұл кезеңдегі басты мақсат ұтыс пен ақша табу емес тек ойынға қатысу. Соңғы кезеңінде адам маскүнемдікке шалдығып, суицидтік әрекеттерге бел буа бастайды. Осы төрт кезеңді артта қалдырған адам баласы үшін бұл ойынқұмарлықтан арылу қиынға соғады. Бұл дегеніміз, қазіргі таңда бұл процеске қатты беріліп кеткен адамдардың өмірде үлкен қиындыққа тап болғаны.

Ал, қазіргі таңда құмарлыққа берілген жас жігіттерде бүгінде еліміздің әскер қатарына шақырылып әскери сапты толықтырып жатыр. Ал енді бұл аурудың әскери адамдарға берер зияның атап өтсек. Ең алдымен әскери адам дегеніміз кез-келген жағдайда отанын қорғайтын азаматтар және отан деп жүрегі соғатын нар тұлғалардың бірі. Себебі әрдайым қолдарына қару ұстап қызметте жүретін әскери қызметкерлер өмірі, қыл үстінде тұратыны да рас. Кез келген дабыл дыбысын естіген шақта, қолына қару алып шығатын әскери қызметкерлерге, құмарлық деген сөздің өзі қарама қайшы. Бұл құмарлықтыңда әскери қызметкерлерге тигізетін зияны өте көп. Қазіргі таңда еліміздің бірнеше аумағында әскери қызметкерлер осы лудомания ауруына шалдығып, өз өмірлеріне балта шауып сонымен қатар қарыздарға белшесінен батқан. Осылайша көптеген отбасы өз асыраушысынан, балалар әкесінен, ал отан өз қорғаушыларынан айырылуда. Бұл ауру қатты қорқынышты болсада бүгінде бұл аурудан айналып өтетін жолдарды елімізде Ұлттық ұлан қызметкерлері қарастырып қойған. Ұлттық ұлан қатарындағы бұл ауруға шалдыққан адамдарды емдеудегі басты көмекшілер бұл әскери тәрбиешілер мен әскери психологтар. Себебі әскери психологтар мен тәрбиешілер жеке адамменде бірнеше адамнан құралған топпенде бірігіп жұмыс жасай алады. Ал, психолог мамандар әскери қызметкерлердің құмар ойындарға деген көзқарасын өзгерту үшін барын салып ғана қоймай болашақта жақсы құмар ойынсыз жаңа өмірді бастауға болатынын дәлелдеп психологиялық-моральдық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Ал енді психолог мамандар жүргізетін профилактикалық іс-шаралар туралы айтсақ. Бұл профилактикалық іс шаралар бір емес бірнеше шарадан құралады. Атап айтар болсақ, ең алдымен жеке құрамды лудомания ауруының зияндығы туралы оның қызметке тигізер кері әсері туралы ақпараттандыру шаралары жүргізіледі. Бұл шара барысында әскери қызметкерлерге лудомания ауруының кесірінен қираған тағдырлармен қиылған өмірлер мысал ретінде келтірелді. Екінші іс-шара туралы айтсақ, психолог мамандар әскери қызметкерлер арасында лудоманияға төтеп бере алатын, психологиялық тұрғыдан мықты ұжым қалыптастыра бастайды. Үшінші іс-шаралар топтамасында, әскери бөлім мен бөлімшелердегі әскери қызметкерлермен жеке жұмыс жасап олардың бойында, құмарлыққа қарсы иммунитетпен қиындық туған жағдайда сол мәселелерді шешу жолдары туралы білім береді. Ал соңғы төртінші шаралар, бұл әскери қызметкерлер бойына қоғамда қалыптасқан теріс ағымдар мен теріс іс-әрекеттерге қалай қарсы тұруға болатыны туралы ақпараттар беріліп, пайдалы әдіс-тәсілдер көрсетіледі. Сонымен қатар әскери психолог мамандар жеке құраммен әскерге келген сарбаздармен жұмыс жасайтын офицерлеге көптеген пайдалы кеңестер айтылады. Бүгінде, бұл іс-шараларға қатыспай, берілген кеңестерді дұрыс қолданбай құмар ойындар ойнауға бел буып, лудомания ауруына шалдыққан әскери қызметшілерге еліміздің заңнамасымен көптеген шаралар қарастырылған. Ең алдымен ойынқұмарлық танытып, спорттық іс-шараларға бәс тіккен әскери қызметкерлер әрекеті алты айға дейін әшкерленсе жұмыстан шығарылады. Ал алты айдан кейін әшкереленетін болса, басқа тәртіптік шаралар қарастырылады. Сол себепті де бүгінде, әскердегі лудоманияны болғызбас үшін, әскери қызметкерлерді тұрақты бақылауда ұстауда. Сондай-ақ, әскери қызметкерлерге заң жүзінде ойын автоматтары бар мекемелерді, ойын клубтарына баруға шектеу қойылып, тек арнайы тапсырманы орындау мақсатты баруға рұқсат берілді. Осылайша қазіргі таңда елімізде белең алған лудомания ойынының алдын алу мақсатында Ұлттық ұлан қызметшілері көптеген шаралар қарастыруда. Ұлтымыздың қалқаны болған ұландықтар тек қана еліміздің ішкі тұрақтылығын күзетіп қана қоймай, іштей тараған ішкі жаудыда өздеріне бағындырып, еліміздің үздік әскери құрылымы екенін дәлелдеп келеді.

Әзиза Ұзақбаева,

5517 әскери бөлімінің психолог маманы, ефрейтор

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале