26.01.2024, 9:45
Оқылды: 102

Қазақстанның 75 әдебиет және өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия табысталды

Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес 2023 жылы Қазақстанның 75 әдебиет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындалды.

fdf2e1571a39b5188ea72271d894b234_1280x720

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен стипендияны тапсыру рәсімі өтті.

«Мемлекет басшысы мәдениет саласын дамыту мен қолдауға ерекше көңіл бөлуде. Президенттің ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, қоғамды топтастыру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруда шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің үлесі зор.

Сіздердің ел бірлігі мен тұтастығын нығайтуға қосқан үлестеріңіз зор. Жыл сайынғы мемлекеттік стипендиялардың тағайындалуы мемлекеттің мәдениет, өнер қайраткерлері, шығармашылық қызметкерлер мен жас таланттарға көрсеткен қолдауы мен қамқорлығының дәлелі, сондай-ақ олардың қазақстандық мәдениетті дамытуға және оны әлемге танытуға қосқан үлесін мойындау», - деді министр.

637b8d3a-e85b-416f-bb44-7a6e700d4294

Қазақстан Жазушылар одағы мыңға жуық кәсіби жазушының басын біріктіреді. Жазушы қауымды қолдау Министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

2023 жылы ел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 6 қаламгерге «Қазақстанның халық жазушысы», 8 өнерпазға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді. «Ұмай» және «Айбоз» ұлттық әдеби-мәдени сыйлықтары мен «Дарын» жастар сыйлығы жыл сайын беріледі.

Мәдениетаралық және ұлтаралық бірлікті нығайту мақсатында алғаш рет әдебиет пен журналистика саласындағы үздік туындылары үшін 11 автор арнайы марапатқа ие болды.

ad1e038c2328944d27c15f84e87a57c8_1280x720

Министр жазушы, ақын, әдебиеттанушы, драматург, публицист, театр, кино және балет актерлері, қолөнершілерге және тағы басқасына стипендия табыс етті. Олардың арасында батысқазақстандық ақын Ақұштап Бақтыгереева бар.

Мәдениет саласында Қазақстан әдебиеті мен өнерінің шеберлері Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Меруерт Өтекешова, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков және тағы басқасы стипендияға ие болды.

Сондай-ақ жас таланттарға, соның ішінде Канн халықаралық кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова, скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев, суретші Ренат Елубаев және тағы басқасына мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Стипендия иегерлерінің толық тізімімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында танысуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале