26.01.2024, 14:45
Оқылды: 90

Алаяқтар жаңа тәсілге көшті

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық прокуратура прокурорлары Жандос Қуанышбеков пен Арман Пазылбек, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мейрамхан Бапахов және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова қоғамда белең алған алаяқтарға алданбаудың жолдарын түсіндірді.

422453885_931250495671292_6139983014112318047_n

Жиынға аудан тұрғындары, мектеп мұғалімдері, ақсақалдар мен жастар қатысты.

Әуелі замананың дертіне айналған алаяқтық туралы бейнеролик көрсетілді. Содан соң Ләззат Айтқалиқызы сөз алып, аудандағы алаяқтарға алданған адамдардың көбі мұғалімдер екендігіне баса назар аударып, өкінішін білдірді. Жандос Ассамадинұлы мен Арман Мырзабекұлы бұл жайтқа үн қосып, сақтанудың жолдарын жеткізді. Мейрамхан Темірханұлы мәселені кеңірек тарқатып, жіктеп түсіндіріп берді. Аудандық полиция бөліміне 2023 жылы бес адам шағымданған. Шамамен 8 миллионға жуық ақша жаттың қолына кеткен. Олардан бөлек «үй артында кісі бар» деп жұмған аузын ашпай отырған жандар да болуы мүмкін.

422397006_931250462337962_3039935984980098168_n

- Біз өзіміз алаяқтарға барлық деректі беріп, соңында сан соғып қаламыз. Қазір олар басқа түрге көшіп, әлеуметтік желі арқылы хабарлама жолдап жатыр. Аудан тұрғындарынан өздеріңізге күдікті болған нөмірлерді алмай, хабарламаларды ашпасаңыздар деп өтініп сұраймыз,- деді Мейрамхан Темірханұлы.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале