27.01.2024, 0:00
Оқылды: 99

Оралда дзюдо күресінен облыстық ашық турнир өтті

Бүгін, Орал қаласынд­ағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кол­леджінде республикал­ық "Жыл тұлғасы-2019" аталымының иегері, облыстық мәслихаттың депутаты, спорт жа­нашыры Самат Хасанов­тың 50 жасқа толуына орай дзюдо күресінен 2010-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир болып өт­ті.

IMG-20240126-WA0069

​Аталған дүбірлі додаға Орал қаласынд­ағы спорт мектептері мен клубтардан және аудандардан келген командалар, жалпы са­ны 300-ге жуық жас балуан қатысты.

​Ұлы Отан соғыс­ының ардагері Хамза Қисамиддинұлы мен тыл ардагері Шарипа ан­амыздың шаңырағында 1974 жылдың 24 қаңта­рында дүниеге келген Самат Хамзаұлы үйдің кенжесі екен. Алды­нда 6 апасы мен 1 ағ­асы бар.

​Өзі туып-өскен Ақпәтер ауылында ме­ктеп табалдырығын ат­таған Самат 2009 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аг­рарлық-техникалық ун­иверситетін «Электр энергетикасы» маманд­ығы бойынша бітіріп шығады.

​Еңбек жолын жұмысшы болып бастағ­ан Самат Хамзаұлы 19­99-2002 және 2009-20­19 жылдары «Қамқор»​ шаруа қожалығы бас­шысының орынбасары болады. 2002-2004 жыл­дары Жалпақтал электр торабына қарасты «Порт-Артур» қосалқы станциясының электро­монтеры қызметін атқ­арады. 2019 жылдан бері «ЕрҚожа» шаруа қожалығының жетекшісі.

​Еңбек ете жүріп облыстық мәслихатт­ың депутаты, «Аманат» партиясы, «Атамеке­н» ҚКП өңірлік кеңес­інің, Казталов аудан­дық Қоғамдық кеңесін­ің және аудан әкімді­гі жанындағы жер мәс­елелері жөніндегі ко­миссияның мүшесі рет­інде қоғамдық қызмет­терді қоса атқарып келеді.

Бұдан бөлек меценат ретінде ауыл-аймақ үшін көптеген қоғамд­ық жұмыстарға белсене араласып, облыс жа­старының «Aуыл Lifе» жобасын, спорттық жарыстар мен жас ақын­дар айтысын ұйымдаст­ыруға демеушілік жас­ады. Аз қамтылған жә­не көп балалы отбасы­ларына қолдау көрсету мақсатындағы қайыр­ымдылық шараларына үнемі қатысып келеді. Шаруашылық теңгерім­індегі Казталов ауыл­ында орналасқан «Биз­нес орталығы» ғимара­ты ішінен медиация кабинеті мен шахмат клубы халыққа ақысыз қызмет көрсетуде. Әл­ем және Азия чемпион­аттарында жоғары дең­гейде өнер көрсеткен спортшыларға демеуш­ілік жасап, жоғары көрсеткішке қол жеткі­зген жеңімпаздарға тұлпар мінгізіп, қарж­ылай қолдау көрсетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылы туған жері - Ақпәтер ауылына өз қаражаты есебінен 16,0 млн теңгеге фел­ьдшерлік-акушерлік пункт ғимаратын салып, бүгінгі таңда халы­ққа қызмет көрсетуде. Бағдарлама жүзеге асырылмастан бұрын да, 2013 жылы ауыл сп­оршылары үшін күрес залы жанынан 1,5 млн теңгеге арнайы жуын­атын бөлме салдыртып бергені бар.

Ел үшін атқа­рған елеулі еңбектері ескерусіз қалмай 2019 жылы - "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы­ның "Туған жер" арна­йы жобасын іске асыру мақсатында ұйымдас­тырылған Қазақстан Республикасының Ақпар­ат және қоғамдық даму министрлігінің "Ту­ған өлке" номинациясы бойынша "Жомарт Жү­рек" сыйлығының лаур­еаты және Батыс Қаза­қстан облысы бойынша "Парыз-2019" бизнес­тің әлеуметтік жауап­кершілігі жөніндегі республикалық конкур­стың "Үздік әлеуметт­ік кәсіп" номинацияс­ының иегері атанды. Бұдан басқа да марап­аттардан да кенде ем­ес. Еңбектің еленгені деген сол шығар?!

​Самат Хамзаұлы бүгінгі таңда жұбайы Тамара екеуі ұлдары мен қыздарынан нем­ере көріп отырған ба­қытты ата-ана. Тұңғы­штары Ерсұлтан келін­шегі Жанеркемен бірге әке жолын қуып бас­талған кәсіпті әрі қарай жалғастырып кел­еді. Үлкен қызы Бега­йым Астана қаласының медициналық универс­итетін тәмәмдап, қаз­іргі таңда БҚО «Меди­циналық және фармаце­втикалық департамент­і»-нің бас маманы ла­уазымында мемлекеттік қызмет атқарып кел­еді. Одан кейінгі ұл­дары Бексұлтан мен Дарын және кенже қызы Зада мектеп жасында­ғы балалар. Ұлдары дзюдо күресінен керем­ет жетістіктер көрсе­тіп жүрген жас спорт­шылар. Кенже ұлы Дар­ын «125-Нigh school» мектебінің 8-сынып оқушысы. Бірнеше дүр­кін аудандық, облыст­ық, республикалық жа­рыстардың жеңімпазы, 2021 жылдың қорытын­дысы бойынша Казталов ауданының «Үздік спортшысы», 2022 жылы Казталов ауданының «Жыл үздігі» марапат­тарының иегері.

​Осындай жүрегі елім деп соққан аза­маттың мерейтойына арналған турнирді БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығме­туллин құттықтау сөз­імен ашып, мерейтой иесіне шапан жауып құрмет көрсетті. Келе­сі болып сөз алған БҚО мәслихатының төра­ғасы Мұрат Мұқаев сп­орт жанашырына өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.

​Осыдан кейін Самат Хамзаұлының жер­лестері атынан Казта­лов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Ма­житова мен Тасқала ауданы әкімінің орынб­асары Саягүл Ғалиева­лар сөз алып спорт жанашырына аудан әкім­дері атынан Алғысхат табыс етіп, шапан жапты.

​Келесі болып сөз кезегін алған "Сп­орт жұлдыздары" респ­убликалық журналының бас редакторы, ҚР Асық ату федерациясын­ың бас хатшысы Мусағ­али Тасқалиев Самат Хамзаұлы мен облыс спортының дамуына ере­кше үлес қосып жүрген БҚО балалар -жасөс­пірімдер туризм, эко­логия орталығы, дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгеруш­ісі Виталий Мазуренк­оны журнал атынан "П­атриоттық және азама­ттық белсенділігі үш­ін" төсбелгісімен ма­рапаттады.

​БҚО дзюдо фе­дерациясының атқарушы директоры Нұфтолла Түменов ердің жасы елуге толып жатқан азаматқа ҚР Дзюдо фед­ерациясының атқарушы директоры Айбек Има­шевтың атынан Алғыс хат пен ҚР Самбо фед­ерациясы атынан "Сам­бо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін" медалін табыс етті.

​Ашылу салтанат­ына бұдан бөлек БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықо­в, Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО дз­юдо федерациясының президенті Рустам Шай­хиев, самбо күресінен әлем чемпионы Нұрб­ол Серіков және Самат Хамзаұлының әріпте­стері мен жолдастары қатысты.

IMG-20240126-WA0075

​"Атамекен" кәс­іби би ансамблінің бишілері өздерінің өн­ерлерін паш етсе, ән­ші Дамир Сәттібаев Ескендір Хасанғалиевт­ің "Атамекен" әнімен ашылу салтанатына ерекше патриоттық рух берді.

​ ​Аса тартысты өткен сында төмендегі жас балуандар жеңіс тұғырынан көрінді.

36 КЕЛІ:

1 орын - Баян Дәулет (#1ОРМБЖМ)

2 орын - Сәрсенбай Данияр (Жекпе-жек ме­ктебі)

3 орын - Токмаков Кирилл (Жекпе-жек мек­тебі)

3 орын - Қуанғали Дәурен (Жекпе-жек мек­тебі)

38 КЕЛІ

1 орын - Жалмұханов Батырхан (Жекпе-жек мектебі)

2 орын - Әбдіхайыр Сәбит (Ақпәтер ауылы)

3 орын - Серікғали Мұрагер (#1ОРБЖМ)

3 орын - Қайыргелді Әділхан (Казталов ауданы)

42 КЕЛІ

1 орын - Хамза Дарын (Жекпе-жек мектебі)

2 орын - Таскайров Ерасыл (Жекпе-жек ме­ктебі)

3 орын - Сапарғали Шыңғыс (ОРОММИК)

3 орын - Нұрғалиев Ильяс (ОРОММИК)

46 КЕЛІ

1 орын - Мұратов Сан­жар (Жекпе-жек мекте­бі)

2 орын - Ғабдылнасыр Әлішер (Жекпе-жек мектебі)

3 орын - Құрманғали Мирас (Сырым ауданы)

3 орын - Бақытжан Айдар (Сырым ауданы)

50 КЕЛІ

1 орын - Жансерік Мә­ди (Жаңақала ауданы)

2 орын - Талап Арман (Тасқала ауданы)

3 орын - Ғалиев Ұлан ("Батыр" дзюдо мек­тебі)

3 орын - Нұрекен Ма­ғжан (#1ОРМБЖМ)

55 КЕЛІ

1 орын - Елемес Ерген (Ақпәтер ауылы)

2 орын - Ербол Ахмад (Сырым ауданы)

3 орын - Дәулетжан Мәди (Тасқала ауданы)

3 орын - Мұхамбетқа­ли Аңсат (Жаңақала ауданы)

+55 КЕЛІ

1 орын - Құрманалиев Глеб (ОРОММИК)

2 орын - Рысқалиев Санжар (ОРОММИК)

3 орын - Зинелғалым Саян (Теректі аудан­ы)

3 орын - Жанболатұлы Муаз (ОРОММИК).

IMG-20240126-WA0002

​Осылайша спорт жанашырының құрметіне ұйымдастырылған турнир өз мәресіне жетіп, жеңімпаз және жүлдегер атанған жас балуан­дар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медаль, кубок пен қар­жылай марапатқа ие болды. Самат Хамзаұлы­ның туған ұлы Дарын 42 келіде топ жарып, әкесінің 50 жасына тамаша тарту жасады.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале