27.01.2024, 13:43
Оқылды: 83

Шаруа қожалықтардың мүдделері назардан тыс қалмайды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде «Шаруа қожалықтарына жер беру заңдылығы туралы» тақырыбында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдерімен брифинг ұйымдастырылды.

Internet_20240127_133238_1

Брифингте облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов пен облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов өңір шаруаларына ауыл шаруашылығы мақсаты үшін жер беру туралы жергілікті атқарушы органдардың 2015-2018 жылдары қабылдаған шешімдеріне қатысты әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі ақпараттарға түсініктеме берді.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Ерболатұлының мәлімдеуінше, ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің Батыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің кейбір жергілікті атқарушы органдардың 2015-2018 жылдар аралығында шаруа қожалықтарына жер беру туралы қабылдаған шешімдерінің заңдылығы тексеріліп, соңынан талап арыздары жергілікті соттарда қаралып, бірнеше талап арыздары ескіру мерзімінің өтуі негізге алынып, қанағаттандырудан бас тартылған. Алайда, Департамент тарапынан ҚР Жоғарғы сотқа берілген кассациялық шағымдары оң шешімін табуда.

«Бұндай түсініспеушіліктер ең алдымен 2015-2018 жылдар аралығында жерлерді конкурс арқылы беруге қатысты нормалардың нақтыланбауына байланысты- деп пайымдаймыз, себебі жергілікті атқарушы органдар Жер Кодексінің 43 бабын басшылыққа алып, аудандық жер комиссияларының қорытындылары мен жерге орналастыру жобалары негізінде өз шешімдерін қабылдаған.

Себебі сол уақыттағы Жер Кодексінің 48 бабында жер учаскелері сауда-саттық арқылы да берілуі мүмкін екендігі және 43 бапқа сәйкес жер пайдалану құқығын тікелей берудің де баламалы нормасы болған» - деді жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов.

Internet_20240127_133238_2

Сонымен қатар, спикерлер бүгінгі күні тек 2015-2018 жылдардағы кейбір шешімдердің ғана сотта қаралғаны, 2011-2014 жылдардағы шешімдер ешқандай органдармен тексеріс жасалмағаны, әзірге ҚР Жоғарғы сотының шешімі тек 6 шаруа қожалығына ғана қатысты шығарылғаны, осындай тәжірибе немесе даулы мәселе басқа да өңірлерде орын алып отырылғанын жеткізді.

«Негізінен бұл мәселе облыс әкімдігінің тікелей бақылауында тұрғандығы, осы мәселе бойынша бірлескен жұмыстар, сонымен қатар өз тарапымыздан уәкілетті орталық мемлекеттік органдар, депутаттар мен бірлесіп, қалайда заңды түрде шешу бағытында жұмыстанудамыз. Шаруалардың мүдделері назардан тыс қалмайды», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.

Брифинг соңында тілшілер тарапынан түскен сұрақтарға толық жауап берілді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале