Атырауда мұз ойылып, көлік батып кетті. Салдарынан көлік жүргізушісі қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: atyrau_qalasy_akimdigi
Оқиға 28 қаңтарда сағат 13:08 шамасында болған. Атырау қаласындағы Курилкино ауылы тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, автокөліктің суға батып кеткен. Бұл жерге су құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 бірлік техникасы жұмылдырылған. Оқиға орнында 1992 жылы туған жүргізуші көз жұмып, 2006 жылы туған жолаушы облыстық ауруханаға жіберілді.
Атырау қаласының әкімдігі мұз үстіндегі қауіпсіздік ержелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, арнайы белгі қойылған, рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу қажеттігін ескертеді", - делінген әкімдік хабарламасында.