29.01.2024, 15:00
Оқылды: 60

Ұлан сарбазы жүлдеге ие болды

26-28 қаңтар күндері Оралда гір көтеруден ерлер мен әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді.

WhatsApp Image 2024-01-29 at 11.31.11

 Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған сайысқа барлығы 19 салмақ дәрежесі бойынша 7 команда 80-ге жуық спортшы қатысты.

Сайыста ҚР Ұлттық ұланының Оралда орналасқан 5517 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонындағы автомобильдік зводтың сарбаз маман жүргізушісі Оразалы Бектемірұлы бақ сынады.

 Ерлер арасындағы 78+ салмағында күш сынысқан ұландық 24 келі гір тасын 10 минутта 45 рет көтеріп сайыс қорытындысында екінші орынға табан тіреді.

Жүлделі орын алғандарға медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале