Кір тасын көтеруден жасөспірім ұлдар мен қыздар, ерлер және әйелдер арасында облыстық чемпионат өтіп, Жәнібек ауданы намысын қорғаған Серік Самодиянов қола жүлдені еншіледі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллиннің дипломын ала келген спортшының кезекті жүлдесі туған жердің абыройын асқақтатты.
Одан бөлек қол күресінен дес бермейтін Серіктің спорттың барлық түрінен шебер екенін аудан тұрғындары жақсы біледі.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz