Биыл қаңтардан бастап Оралда еліміздің қалқаны болған Ұлттық ұлан академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жүргізу жалғасып жатыр.
Атап айтар болсақ, кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері №19 мектепте жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, Ұлттық ұлан академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жүргізіп, тағылымды мәліметтер берді.
Жоғары сынып оқушыларына арналған бұл іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттыққа тәрбиелеу және де Ұлттық ұланның имиджін жастар арасында көтеріп, жас түлектерді құқықтық тәртіп әскерлерінің жоғары әскери оқу орнына түсуге бағдарлау.
ҚР ҰҰ «Батыс»
Өңірлік қызметінің баспасөз қызметі