30.01.2024, 16:30
Оқылды: 60

Жүрсін мектебінің құрылғанына 5 жыл толды

Сырым ауданындағы Жүрсін Ерман айтыс мектебінің 5 жылдығына арналған шара “Жыр ордасы - Жымпиты” атты жекпе-жек айтысқа жалғасты.

1 (2)

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов ақындарға “қош келдіңіз!” айтып, “Асыл домбыра” иемденген ақындар командасын құттықтады.

b6610f12-5729-4393-878e-fbd1faa09eaf

Айтыстың шымылдығын жас ақындар жымпитылық Қоңдыкер Елеуов пен теректілік Әділ Ахметов түрсе, жаңақалалық Орынбек Меңдіқұл мен сырымдық Абзал Каримолла әдемі айтыс жасады.

Ал соңғы жұп Сырымнан шыққан Ақылбек Бекболатов пен Ақжайықтың серісі Мейірман Шәкенов тыңнан түрен салып, өрелі ой, айшықты сөзбен көрерменнің құрмет-қошеметіне бөленді.

1 (4)

Аға буын айтыскерлерден бөлек, балауса ақындардың да тұсауы кесілген күн болды.
Оған дәлел, Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің 5-сынып оқушылары Нұрмұхаммед Мақсотов пен Айгерім Әжғалиева сахнаға шықты.

1 (1)

Айтысқан әрбір ақынға аудан әкімінің алғысхаты мен сыйыақысы табысталып, Б.Халиоллаға құттықтау хаты тапсырылды.

1 (3)

(Толығырақ “Сырым елі” қоғамдық-саяси газетінің алдағы санынан оқи аласыздар)

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале