31.01.2024, 16:15
Оқылды: 59

БҚО-да 23 жастағы қызды ұрып, артынша пышақтап кеткен ер адамға іздеу салынды

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында белгісіз біреу 23 жастағы қызды ұрып, артынша пышақтағаны туралы хабар тарады. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖП Полиция (3)

Желіде тараған хабарларда 28 қаңтарда сағат 19.30 шамасында Ақсай қаласында ер адам теміржол өткелі көпірінің жанында 23 жастағы қызды ұрып, пышақтағаны айтылады.

Сонымен қатар хабарлама мәліметінше, ол бойы шамамен 160-165 сантиметр, 25-30 жастағы жігіт.

Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Бүгінде күдіктіге іздеуге жарияланған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр және қылмысты ашуға бағытталған қажетті іс-шаралар кешені қабылданып жатыр.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале