5.02.2024, 10:00
Оқылды: 70

Нұрлыхан Шархан дзюдодан әлемдік GRAND SLAM жарысының қола жүлдегері атанды

"Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдесіне ие болды. Ол әлемдік жарыстың кіші финалында Айх Даниэльден (Швейцария) басым түсті", - деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

 

1707067785

Фото: olympic.kz

Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда Натаниэль Киваны (АҚШ), одан кейін әлем рейтингінің үшінші орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді ұтты. Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын.Айта кетерлігі, Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 100 ұпай, ІІ орынға – 700, ал ІІІ орынға 500 ұпайдан қосылады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале