6.02.2024, 16:00
Оқылды: 59

Мемлекеттік жобалар түсіндірілді

Жаңақала аудан әкімінің орынбасарлары Ерлан Қажиев пен Руслан Ғұмардың жетекшілігімен ауылдық округтерде «Қаладан ауылға», «Ауыл аманаты» жобалары түсіндірілді.

417444947_2024839827897284_3737994416990049212_n

 Аталған жиынға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева, мансап орталығының директоры Асылан Уразалиев, БҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Жаңақала аудандық филиалының басшысы Гариб Асханбаев, аудандық ветеринарлық станциясы басшысының орынбасары Берік Шорманов және ауылдық округ әкімдері қатысты.

417502297_2024839964563937_4931797477398027635_n

Шара барысында жергілікті тұрғындарға аталған бағдарламалар кеңінен таныстырылып, бағдарламаға қатысу барысындағы заң ерекшеліктері талқыланып, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Жауапты мамандар сонымен қатар ауылдық жерде тұратын азаматтардың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін арттыруды көздеу мақсатында кәсіп бастап, табыс көзін кеңейтем деген тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық үстемемен 5-7 жылға шағын несие алуға кеңес берді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале