6.02.2024, 18:00
Оқылды: 23

«Борис Керімбаев. Паншер патшасы» деректі фильмі көрсетілді

 

Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Борис Керімбаев. Паншер патшасы» деректі фильмі ауыл жастарының назарына ұсынылды.

image-06-02-24-03-22

Паншер шатқалы Ауған соғысы кезінде үлкен стратегиялық маңызы бар аймақ болды. «Тым болмағанда Паншерді 1 ай ұстап тұру керек!» деп шешкен КСРО-ның әскери қолбасшылары шатқалға ең таңдаулы, ержүрек Борис Керімбаевтың батальонын қалдырады. Оның ерлігі аңызға айналып, «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа таралды.

image-06-02-24-03-22-1

Керімбаев әскери жекпе-жектің 26 түрін меңгерген. Оны қол астындағы жауынгерлеріне үйретіп, Ахмад Шах Масудпен шайқаста аз шығынға ұшырады. Жеңілісіне ызаланған моджахеттердің қолбасшысы кімде-кім Керімбаевтың басын алса 1 миллион сыйақы беретінін айтқан екен.

Қазақ батыры соғыстан кейін елге аман оралып, өз қызметін Алматы қаласында жалғастырды.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале