Көктемдегі төтенше жағдайлардың алдын алу дайындығын жетілдіру мақсатында 8-9 ақпан күндері БҚО-да республикалық «Көктем - 2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Фото: zhaikpress.kz
Жаттығудың мақсаты – облыстық азаматтық қорғау жүйесінің көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығудың жоспарына республикалық штабтан түскен сигналдарға сәйкес азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесін «күнделікті қызмет» режимінен «жоғары дайындық» және «төтенше жағдай» режимдеріне көшіру мәселелері пысықталады.
Жалпы жаттығу барысында 52 кіріспе пысықталып, оның барлығы да тәжірибе жүзінде нақты су тасқынының алдын алу жұмысыy жүргізу жоспарланып отыр.
Оқу-жаттығу нәтижесінде азаматтық қорғаудың олбыстық жүйесінің көктемгі кезеңге дайындығына тиісті баға беріледі.
Жаттығуды өткізуге барлығы 244 бірлік техника, 942 адам жұмылдырылады.
БҚО төтенше жағдайлар департаменті оқу-жаттығу аясында тұрғындарды, ұйымдар мен мекемелерді кең ауқымда жүргізіліп жатқан қар шығару шарасына қатысуға шақырады.
zhaikpress.kz