7.02.2024, 16:00
Оқылды: 55

Жарық жүйесі қайта қалпына келтіріліп жатыр

6-7 ақпан күндері табиғи құбылыстардың салдарынан Бөрлі, Шыңғырлау, Ақжайық, Қаратөбе аудандары және ішінара Оралда да электр қуаты үзілді.

fog-4666170_1280

Фото: pixabay.com

Жарықты қалпына келтіру үшін 39 апаттық бригада мен 49 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Сағат 15.00-дегі мәліметке сүйенсек, облыс бойынша және Оралда ажыратылған аудандарда электр беру желілерінің кернеуі қалпына келтірілген. Сонымен қатар ӘЖ-10, ӘЖ-04 кВ (ӘЖ - әуе желісі) ішінара ажырауына байланысты абоненттердің көптеген жеке өтінімі бар.
Бөрлі ауданында абоненттердің 75%-ы қалпына келтірілді. Шыңғырлау ауданында Ақшат және Ақбұлақ ауылдары, Қаратөбе ауданының Егіндікөл, Қоскөл ауылдарында электрмен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Авариялық-қалпына келтіру жұмысы ауа райының жағдайы және көлікке қолжетімділіктің шектелуімен күрделене түседі. Жөндеу-қалпына келтіру жұмысын күннің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, - делінген әкімдік хабарламасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале