7.02.2024, 15:00
Оқылды: 43

БҚО-дағы 55 елді мекенде жарық сөнді

Бүгін БҚО-дағы үш ауданның 55 елді мекенінде күн райының қолайсыздығынан электр энергиясы сөніп, 16 903 абонент және 192 әлеуметтік нысан жарықсыз қалды.

Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

e23d84a5-e2be-4449-ab34-bb3bb12bd9bf

Теректі ауданында 1752 абонент және 19 әлеуметтік нысан (19 елді мекен, Тақсай, Жайық, Қабылтөбе, Бозай, Аңқаты, Рыбцех, Богдановка, Придорожное, Алғабас, Сәрсенов, Шептікөл, Құмақсай, Тоқпай, Покатиловка, Приречное, Қызылжар, Қарабас, Дуана, Шалқар);
 Бөрлі ауданында 11756 абонент және 74 әлеуметтік нысан (24 елді мекен, Ақсай қаласы, Ақбұлақ, Ақсу, Жаңақоныс, Бумакөл, Утвинка, Облавка, Бөрлі, Масайтөбе, Жарсуат, Димитрово, Қарашығанақ, Достық, Қанай, Данилякөл, Кеңтүбек, Бақтыарал, Қарағанды, Қарақұдық, Приуральный, Пугачев, Бесағаш, Успен, Жаңаталап);
Шыңғырлау ауданында 3 395 абонент және 99 әлеуметтік нысан (12 елді мекен, Шыңғырлау, Алмазное, Аққұдық, Амангелді, Ащысай, Белогорка, Сегізсай, Лубенка, Қарағаш, Полтавка, Ұрысай, Тасмола) жарықсыз отыр.

Ал Теректі ауданындағы Шаған ауылдық округі әкімдігінің, Кемер кентіндегі Кемер кенті орта мектебінің, Аңқаты ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның
«Подстепное - Теректі - РФ шекарасы» жолындағы «Зере» азық-түлік дүкенінің және Тұқпай ауылы Жарқын шағынауданындағы 3 қабатты көппәтерлі үшінші үйдің шатыры ұшып кеткен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале