9.02.2024, 10:00
Оқылды: 14

Қазақстандық туристерді елге қайтару сәтті аяқталды

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

a4edeb9b-b3ba-4df5-aeac-5cdf3d66db38

Фото: t.me

2024 жылғы 24 қаңтарда TEZ.KZ туроператоры қызметін тоқтата тұратынын хабарлаған еді.

Осыған байланысты ҚР Туризм және спорт министрлігінің үйлестіруімен ел азаматтарының көшпелі туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» қоры қазақстандық туристерді қайтару бойынша жұмысты ұйымдастырды. Аталған туроператор қызметін тоқтата тұратыны туралы ақпарат тараған кезде шетелде 313 отандық турист болған.

Қазіргі уақытта барлық турист Қазақстанға оралды.

Министрлік пен Қордың бірлескен жұмысының нәтижесінде туристер елге оралу кезінде ешқандай кедергіге тап болған жоқ.

Олардың демалысы турда көрсетілген мерзімге сәйкес өтіп, ұшып келу уақыты турпакетте жоспарланған күндері жүзеге асырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале