Бүгін Казталов ауданында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі және «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен қол күресінен жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасында Батыс Қазақстан облысы чемпионаты басталды.
Жас спортшылардың білектің күші сынға түскен чемпионаттың ашылу салтанатына қатысқан Казталов ауданының әкімі жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бүгінгі чемпионатқа Орал, Шыңғырлау, Тасқала, Теректі, Ақжайық, Орда, Бәйтерек, Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Жәнібек, Казталов командалары қатысуда. Қол күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионатына 12 ауданнан 150-ге тарта спортшылар қатысып жатыр.
Күні бүгінде ауданда қол күресі спортымен 30 дан астам оқушы айналысса, соның 7-еуі спорт шеберіне үміткерлер қатарынан.
Чемпионаттың қорытындысы жарыс аяқталысымен жария етілетін болады.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz