10.02.2024, 17:30
Оқылды: 24

Казталов ауданында қол күресінен облыстық чемпионат өтуде

Бүгін Казталов ауданында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі және «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен қол күресінен жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасында Батыс Қазақстан облысы чемпионаты басталды.

IMG-20240210-WA0016

Жас спортшылардың білектің күші сынға түскен чемпионаттың ашылу салтанатына қатысқан Казталов ауданының әкімі жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бүгінгі чемпионатқа Орал, Шыңғырлау, Тасқала, Теректі, Ақжайық, Орда, Бәйтерек, Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Жәнібек, Казталов командалары қатысуда. Қол күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионатына 12 ауданнан 150-ге тарта спортшылар қатысып жатыр.IMG-20240210-WA0015

Күні бүгінде ауданда қол күресі спортымен 30 дан астам оқушы айналысса, соның 7-еуі спорт шеберіне үміткерлер қатарынан.

IMG-20240210-WA0017

Чемпионаттың қорытындысы жарыс аяқталысымен жария етілетін болады.

Гүлнұр Бөлешова, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале