14.02.2024, 16:15
Оқылды: 51

Бюджет қаражатынан 57 миллион теңге жымқырған күдікті кім?

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП Сыбайлас

Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу деректері бойынша, күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы 57 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Artsport» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге «Ақжайық ФК» ЖШС-ға бөлген.

Соттың санкциясы шығып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қалған адамдардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Жымқырудың қосымша эпизодтары анықталып жатыр.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале