Бүгін ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісіне сағат 09:52-де жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: pixabay.com
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6.
Алматы қаласында сезілуі екі балл болды.
«Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді», делінген министрліктің мәлімдемесінде.