15.02.2024, 9:45
Оқылды: 349

Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді

Бүгін ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісіне сағат 09:52-де жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_1343

Фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6.

Алматы қаласында сезілуі екі балл болды.

«Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді», делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале