Қазақтар жер аты мен тау, өзен-көл атауларын сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген халық. Сондай атаудың бірі – Ақмолаға қойылған атау.
Ақмоланың шығу төркіні туралы әртүрлі пікір және халық аңыздары бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша: «Сол тұста бір кісіні жерлегенде, жер астынан ақ балшық шыққан. Сол ақ балшықпен моланы майлаған. Ол алыстан ағарып көрініп тұрғандықтан, бұл жер Ақмола атанған екен. Ол жердің ескі атауы Қараөткел болған» деседі.
Ақмола атауы туралы келесі пайымдаулар осы жерде мекендеген қоныстарда ақ мол болып, жергілікті халық «аға мол қоныс» деп атаған, содан Ақмола атауы пайда болған дейді.
Кешегі патша отаршылдығы кезінде 1832 жылы қаланың бүгінгі ірге тасы қаланып, кеңестік саясатта Ақмола атауы «Целиноград» болып өзгертіледі.
Бүгінде Қазақстанның елордасы атанып, Ақмолаға Астана есімі беріледі.
Зұлқожа Шарафутдинов
zhaikpress.kz
(«Қазақтар», энциклопедиялық анықтамалық, А 2003 ж.)