Бүгін Оралда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 35 жыл болуына орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиынға әскери ұрыс-қимылдар ардагерлері, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері, жас сарбаздар қатысты.
«Бүгінгі шарамыздың мән-маңызы жоғары. 1989 жылы 15 ақпанда талай ата-бабамызды перзентінен айырған, қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Екіншідүниежүлік соғыспен пара-пар зардабы бар Ауған соғысының аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Ұлы дала тарихында елін-жерін қорғаған, есімдері тарихта өз орындарын алған қазақ хандығының тұңғыш ханы Керей болса, Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Есім хан, Жәңгір хан, Әбілхайыр хан, үш жүздің басын біріктірген Абылай хан болса, қазақтың соңғы ханы Кенесары хан болды. Қазақ елі тарихында аттары аңызға айналған батырларымыздың ізбасары, қазіргі заманның батырлары сіздер», - деді өз құттықтауында БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Жақсылық Айтбаев.
БҚО әкімінің алғысхатымен Батыс Қазақстан облысы бойынша Ауған соғысы мүгедек-ардагерлері қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері Боранбаев Нұрмұхан, Ешев Серікболат, Жанғалиев Мербулат, Жұмалиев Марат, Исенгельдеев Серік, Масимов Гайрат, Тлеуов Замир, Уразалинов Бахыт, Хайров Манарбек, Хамзин Хитар марапатталды.
Сонымен қатар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы атынан Ғатау Радж, Джумагалеева Мағрипа, Жапаров Хоблан, Избасканов Әлібек, Пунгин Сергей марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы
zhaikpress.kz