19.02.2024, 16:30
Оқылды: 56

Жәнібек ауданында алты ауылды су басу қаупі бар

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен кеңейтілген лездеме өтті. Лездемеге мекеме, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

428286409_948935193902822_5574892955057784083_n

Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Таумұрат Ғұсманов аудан бойынша аталмыш басқарманың былтыр атқарылған жұмысы және алдағы міндеттері мен өзгерістері туралы баяндады.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Алтаев су тасқынына дайындық жұмысы жөнінде хабарлады. Аудан бойынша тоғыз ауылдық округ орталығы мен он сегіз елді мекен бар.

Серік Қыдырашұлының айтуынша, алты ауылды су басу қаупі жоғары. Атап айтсақ, Талов, Жақсыбай, Борсы, Қамысты, Тау және Күйгенкөл ауылдары осы қауіпке ұрынуы мүмкін.

428297142_948935233902818_2869474767188764169_n

Осы мәселе бойынша барлық ауыл әкіміне аудан аумағындағы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдар астынан өтетін су өткізу құбырларын толықтай қар мен қоқыстан тазартып, су сорғыш құралдарды дайындап қою және көктем мезгілінде елді мекендердегі әрбір көшелерге жауапты тұлғаны бекіту тапсырмалары берілді. Сонымен қатар су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде үгіт-насихат және әлеуметтік жағынан осал топтағы адамдардың аулаларынан қар шығару жұмысын жүргізу маңызды. Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов барлық ауылдық округ әкімі мен дербес бөлім басшысы өз ауылдарындағы отыз бес жасқа дейінгі жастармен түсінік жұмысын жүргізіп, оларды өңірлік резервке орналастыру бойынша жұмыстануға шақырды.

Ясина Нұрболат,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале