20.02.2024, 23:00
Оқылды: 84

Сырым ауданында "Күміс алқа" алтын құрсақты анаға табысталды

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов алтын құрсақты, алты баланың анасы тасқұдықтық Динара Ғабдрахимоваға “Күміс алқа" мемлекеттік наградасын табыс етті.

2

Динара Әлібекқызы отағасымен 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отырған еңбекқор, ағайын-тума, ауылдастары арасында үлгілі отбасы.

Алтын құрсақты ана балаларының жақсы білім алуына және тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп, түрлі спорттық, мәдени байқауларға қатысуына қолдау көрсетіп отырады.

Үлкен қызы Бәдинұр 2016 жылы мектепті "Алтын белгіге" тәмамдап, бүгінде Ақтөбе қаласында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің 8 курсында білім алып жатырса, ұлы Дилан Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 3 курсының студенті.

Дилан - университет өміріне белсенді қатысқаны үшін және факультеттің даму процесіне жауапты қатынасы үшін арнайы дипломмен, оқудағы жетістіктері үшін факультет деканының мадақтама грамотасымен марапатталған.

Ұлы Байболат Тасқұдық мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінде оқушы, қызы Қарақат мектеп алды даярлық сыныбында. Қыздары Еркеназ бен Сафина мектеп жасына жетпеген, анасының тәрбиесінде. Балалары тәрбиелі, кішіпейіл, сабақ үлгерімдері жақсы.

т

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов еліміздің демографиясына үлесін қосып, балаларын жан-жақты етіп тәрбиелеп, оларға жауапкершілікпен қарап жүрген отбасыға амандық тіледі.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале